Корпоративтік сектор өкілдерімен және салалық қауымдастықтар бағдарламасы

Басты бет Жаналықтар Корпоративтік сектор өкілдерімен және салалық қауымдастықтар бағдарламасы
Басты бет Жаналықтар Корпоративтік сектор өкілдерімен және салалық қауымдастықтар бағдарламасы
Корпоративтік сектор өкілдерімен және салалық қауымдастықтар бағдарламасы

Бүгін біз сіздерге Нұр-Сұлтан қ. Конвешн бюросы әзірлеген Корпоративтік сектор өкілдерімен және салалық қауымдастықтармен жұмыс жөніндегі бағдарлама туралы таныстырамыз.

Бағдарламаның негізгі міндеті Нұр-Сұлтан қаласында іс-шараларды тарту және ұйымдастыру мақсатында түрлі салаларда қызметін жүзеге асыратын коммерциялық компаниялармен және салалық қауымдастықтармен өзара іс-қимыл жасау болып табылады. Толық тізімді Нұр-Сұлтан қ. Конвеншн Бюро ресми сайтында "Серіктестер" бөлімінде https://nursultancb.com/kz таныса аласыз.

Бағдарламаның негізгі мақсаты халықаралық іскерлік іс-шараларды бірлесіп тарту, Іскерлік туризм индустриясын дамыту және Нұр-Cұлтан қаласын халықаралық аренада MICE-дестинация ретінде ілгерілету болып табылады.

Бағдарламаға кіру бюроның маркетингтік және жарнамалық іс-шараларына қатысуға, Бағдарлама шеңберінде ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысуға, сонымен қатар "MICE Nur-Sultan" бағдарламасының ұсынылған серіктестерімен жеңілдікті негізде шарттар жасасуға мүмкіндік береді.

Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 64 72 16 нөмірі арқылы немесе келесі электрондық поштаға хабарласуыңызды сұраймыз: info@nscvb.net.

Баршаңызды Нұр-Сұлтан қаласының Конвеншн бюросымен ресми серіктесі болуға шақырамыз!