Басты бет Жаналықтар Премьер-Министр туризм саласындағы ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды
Басты бет Жаналықтар Премьер-Министр туризм саласындағы ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды
Премьер-Министр туризм саласындағы ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды

Абу-Дабиге жұмыс сапары аясында премьер-министр Асқар Мамин Біріккен Араб Әмірліктері премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министр шейх Мансұр бен Заид Әл Нахайянмен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, туристік және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен БАӘ үкіметтері арасында инвестициялық ынтымақтастық туралы 6,1 миллиард доллар сомасына 21 жобаны іске асыруды көздейтін құжатқа қол қойылды. Бұл жобалар ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықтарда үлкен сұраныс әлеуетіне ие.

Кездесу ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы аясында өтті. Естеріңізге сала кетейік, Президент ағымдағы жылдың қаңтар айында кездесуі кезінде БАӘ бизнесмендеріне Қазақстанда туризмді бірлесіп дамытуды ұсынған болатын.

Оның айтуынша, көптеген жылдар бойы БАӘ жаһандық туристік нарықтың танымал көшбасшысы болып табылады және осы салада үлкен білім мен тәжірибеге ие. Осыған байланысты ол компанияларды халықаралық деңгейге жету үшін Қазақстандағы туристік дестинацияларды бірлесіп дамытуға шақырды.