«Астана» Халықаралық қаржы орталығының Әкімшілігімен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Басты бет Жаналықтар «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Әкімшілігімен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін, ағымдағы жылдың 4 ақпанында «Astana Invest» ҚИДО» ЖШС Басқарма Төрағасы Ержан Балтаев пен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы Әкімшілігінің Басқарушы директоры Нұрлан Тоимбек елордада шетелдіктер мен туристердің келуіне қолайлы жағдай жасау мақсатында өзара ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесті.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптармен көрсететін қызметтердің барлық түрлері бойынша анықтамалық-ақпараттық қолдау көрсету үшін Call-орталық ұйымдастыру шеңберінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ, кездесу аясында тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттарын анықтады. Олардың арасында – елорданың инвестициялық тартымдылығын арттыру және туризмді дамыту, білім беру, мемлекеттік және жеке меншік әріптестік жобалары салаларында инвесторлармен бірлескен жұмыс, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында тараптарды өңірлік және халықаралық деңгейде өзара ілгерілету.