AstanaInvest мен Business Media Central Asia арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды

Басты бет Жаналықтар AstanaInvest мен Business Media Central Asia арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды
Басты бет Жаналықтар AstanaInvest мен Business Media Central Asia арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды
AstanaInvest мен Business Media Central Asia арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды

AstanaInvest  мен Automechanika Astana және Futuroad Expo Astana - Business Media Central Asia арасында Нұр – Сұлтан қаласының Іскерлік туризм индустриясын – MICE-индустриясын дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Кездесу қорытындысы бойынша AstanaInvest Басқарма төрағасы Ержан Балтаевпен және Business Media Central Asia директоры Алексей Матвеевпен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде Нұр-Cұлтан қаласында форумдар мен іс-шараларды өткізу перспективалары, пандемияның халықаралық көрмелерге әсері, сондай-ақ іс-шараларды өткізудің жаңа гибридтік форматы талқыланды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда, оның ішінде "Automechanika Astana 2021" және "Futuroad Expo Astana" (2021 жskls4 24-26 маусым) халықаралық көрмелерін өткізу арқылы MICE-туризмді ілгерілету және дамыту құралдарын талқылады.

Automechanika Astana және Futuroad Expo Astana 2021 сарапшыларының қатысуымен Қуатты іскерлік бағдарламамен бірге Орталық Азия өңірінің автомобиль нарығын дамытудың маңызды драйверіне айналады және, сөзсіз, Нұр-Cұлтанның MICE-индустриясына оң әсер береді.

Осыған байланысты AstanaInvest мен Business Media Central Asia арасындағы ынтымақтастық күш біріктіруге және , Қазақстан астанасының алдында жаңа мүмкіншіліктерді ашуға және оны MICE-іс-шараларды өткізу үшін одан да тартымды алаңға айналдыруға жағдай жасайдыц.