Басты бет Жаналықтар Нұр-Сұлтан ICCA жылдық есебінде 114 қатарға көтерілді
Басты бет Жаналықтар Нұр-Сұлтан ICCA жылдық есебінде 114 қатарға көтерілді
Нұр-Сұлтан ICCA жылдық есебінде 114 қатарға көтерілді

2018 жылы 335 орын алған Нұр-Сұлтан 2019 жылы әлемдік рейтингте 221 орынға көтерілді. Өткен жылы Қазақстан астанасында ресми 12 халықаралық бизнес-іс-шаралар тіркелген.

Өткізілген іс-шаралар саны бойынша Нұр-Сұлтан Киев, Қазан және Ереван сияқты қалаларды озып, Тбилиси, Баку және Бонн қалаларға жетті.

Астана Конвеншн бюросы директорының орынбасары Хелена Махуас айтуы бойынша - «Біздің қала әлемдік рейтингте айтарлықтай жоғарылағанына біз өте қуаныштымыз, бұл Нұр-Сұлтан үшін әсерлі жетістік сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы және тұтастай Қазақстан бизнес-іс-шаралар өткізілетін орын ретіне қызығушылықтың жоғарлауның дәлелі болып табылады. Әріне, мұндай жетістік Астана Конвеншн Бюросы, оның әріптестері мен  жергілікті кәсіби қоғамдастықпен бірлескен жаңа бастамалары мен мақсатқа бағытталған жұмысының нәтижесі болып табылады».

ICCA рейтингтері халықаралық қауымдастықтардың конгресс және көрме секторы үшін ең ауқымды жаһандық бағдар болып табылады. 2019 жылы бүкіл әлемде 13 000-нан астам конгресс және көрме іс-шаралары өтті. Париж 237 іс-шарамен бірінші орын, Лиссабон екінші, Берлин үшінші орын алды.

Елдер рейтингінде АҚШ көшбасшылықты жалғастыруда: Германия екінші, Франция үшінші. Қазақстан 2019 жылы 79 орынға көтерілді, бұл тағы бір маңызды жетістік.