Басты бет Жаналықтар Біз сіздер үшін жұмыс істейміз – сіз біз үшін үйде болыңыз!
Басты бет Жаналықтар Біз сіздер үшін жұмыс істейміз – сіз біз үшін үйде болыңыз!
Біз сіздер үшін жұмыс істейміз – сіз біз үшін үйде болыңыз!

Астана Конвешн Бюро командасы азаматтық және мемлекеттік парыздың орындалуына жауапкершілікпен қарайды және төтенше жағдай кезінде елорданың өткізу пункттерінде кезекшілік етіп, қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. 

                    

Еске салайық, Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия келесі шараларды қабылдау арқылы 2020 жылғы 28 наурыздың сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін күшейту туралы шешім қабылдады:
- Азық-түлік, дәрі-дәрмектер сатып алу мен жұмысқа шығуды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуы шектелсін;
- Халықтың жаппай жиналатын орындары (саябақтар, шағын бақтар, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және т.б.) жабылсын;
- Қоғамдық көліктің жұмысы кезең-кезеңмен шектелсін;
- Көшелерде және өзге де қоғамдық жерлерде үш адамнан артық топтармен (отбасы мүшелерін қоспағанда) жиналуға тыйым салынсын;
- Кәмелетке толмағандарды ересек адамдардың еріп жүруінсіз қозғалуына тыйым салынсын.

Біз сізден осы шаралардың орындалуына аса жауапкершілікпен қарауыңызды сұраймыз.

Үйде болыңыз. Бірге біз барлық қиындықтарды жеңеміз.

#stayhome
#birgemiz