2021 жылғы Смарт Ақпараттық жүйелер мен технологиялар бойынша IEEE Халықаралық конференциясы

Басты бет Жаналықтар 2021 жылғы Смарт Ақпараттық жүйелер мен технологиялар бойынша IEEE Халықаралық конференциясы
Басты бет Жаналықтар 2021 жылғы Смарт Ақпараттық жүйелер мен технологиялар бойынша IEEE Халықаралық конференциясы
2021 жылғы Смарт Ақпараттық жүйелер мен технологиялар бойынша IEEE Халықаралық конференциясы

28-30 сәуір аралығында Astana IT University қарамағында Смарт Ақпараттық жүйелер мен технологиялар бойынша IEEE Халықаралық конференциясы өтеді.

Конференция технологиялар мен инженерлік менеджменттің, Ақпараттық технологияларды(АҚ) білім беру мен зерттеулердің, деректер туралы ғылымның өзекті мәселелерін көтереді және де АҚ саласындағы жаңа үрдістерді ұсынады.

Іс-шараның мақсаты "Ақылды" технологиялар кәсіпқойлары арасында тәжірибе алмасу, олардың білімі мен перспективаларын дамыту, сонымен қатар өңірлік және халықаралық деңгейлерде мамандардың кәсіби желісін кеңейту болып табылады.

Спикерлер ретінде отандық және шетелдік сарапшылар, озық университеттердің ғалымдары, мемлекеттік сектордың өкілдері шақырылды.

Ұйымдастырушылар: Astana IT University, IEEE Ukraine, Kaspersky Lab, Halyk Bank, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, "Zerde" Холдингі, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Беру Қоры.

Конференция гибридті форматта өтеді.

Толық ақпарат алу үшін мына келесі сілтемеде көре аласыздар: https://sist.astanait.edu.kz/