KAZENERGY Астана

KAZENERGY Астана

2018 жылғы 2 қазанда Астана қаласында Хилтон Астана мейманханасында «Инвестициялық мүмкіндіктер: тұрақты өсу үшін жаңа шешімдер» тақырыбында конференция өткізілді. Іс-шара ұйымдастырушылары ҚР Энергетика министрлігімен бірге KAZENERGY қауымдастығы болды. бұл конференция Дүниежүзілік Мұнай Кеңесі (ДМК) отырысы аясында ұйымдастырылды. Конференция ДМК мүше елдерінің Ұлттық комитеттері делегацияларының басшыларына Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетеді, елдің халықаралық беделін нығайту үшін бірегей мүмкіндік ұсынады және әлемнің көптеген мемлекеттерімен инвестициялық ынтымақтастық үшін қуатты импульс береді.

Еске сала кетейік, бұл күндері Астана қаласында Дүниежүзілік Мұнай Кеңесі – ірі халықаралық мұнай-газ компанияларының қатысуымен бейтарап әрі саясаттандырылмаған тұғырмана ұсына отырып, ОПЕК-ке кіретін және кірмейтін елдерді біріктіретін ірі халықаралық коммерциялық емес ұйым. ДМК мүшелері мұнай мен газды жалпыәлемдік өндіру мен тұтынудың 95%-дан астамын білдіретін әлемнің 63 елі болып келеді.