Қазақстанда алғаш рет WTA 250 турнирі өтеді

Басты бет Жаналықтар Қазақстанда алғаш рет WTA 250 турнирі өтеді
Басты бет Жаналықтар Қазақстанда алғаш рет WTA 250 турнирі өтеді
Қазақстанда алғаш рет WTA 250 турнирі өтеді

26 қыркүйек – 2 қазан аралығында Нұр-Сұлтандағы Ұлттық теннис орталығында әлемдік әйелдер арасындағы теннис турнирі өтеді. Бас жүлде қоры 235,000 АҚШ долларын құрайды. Аталмыш дода әлемнің 70-тен астам елінде көрсетіледі.

Бұған Қазақстан ұлттық құрамасының барлық көшбасшы теннисшілері қатысады.

Өкінішке орай, эпидемиологиялық жағдайға байланысты жанкүйерлер аренаға кіруге рұқсат етілмейді. Алайда, Қазақстан Теннис Федерациясы барлық матчтарды Федерация сайтында және де қазақстандық  жетекші телеарналарда трансляциялауды ұйымдастыруда.