Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова еліміздің туризм саласы бойынша өткен жылды қорытындылай келе маңызды мәселелерге тоқталып өтті, деп хабарлайды.
2025 жылға дейін 163 млрд.теңге мөлшеріндегі шығыстар мақұлданды. Бұл ісшаралар дағдарыстан кейінгі кезеңде туристік қызметтер нарығының дамуына айтарлықтай оң әсер етуге тиіс.
Туристік индустрияның инвестициялық әлеуетін ұзақ мерзімді перспективада (2025 жылға дейін) жедел қалпына келтіру және арттыру үшін ынталандыру нормалары әзірленді:
- туристік объектілер мен жол бойындағы сервис объектілерін салу кезінде жеке бизнестің шығындарын өтеу– инвестициялар сомасынан 10% - ға дейін;
- тау шаңғысы жабдықтары мен туристік кластағы көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың 25%-ын өтеу;
- әрбір шетелдік турист үшін туроператорлардың шығындарын 15 000 теңге мөлшерінде субсидиялау;
- ішкі әуемаршрут бойынша балалар үшін тасымалдау ақысының 100% өтеу;
-санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға 83 300 теңге көлемінде шығындарды субсидиялау
Осы іс-шараларды іске асыру есебінен экономикаға 180 млрд теңге қосымша бюджет кірістерін тарту, 170 мыңнан астам жұмыс орнын құру және кемінде 1000 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.