2020 жылдың 11-13 қарашада IV Astana Media Week медиа апталығы онлайн форматта өтетінін хабарлаймыз.
Медиа апталықтың негізгі мақсаты - отандық медиа саланы дамыту, сондай-ақ өңірлік және халықаралық деңгейде индустриядағы іскерлік қатынастарды ілгерілету.
Басты тақырыптар: медиа контентті пайдаланудың жаһандық тенденциялары; пандемия және БАҚ-қа деген сенім деңгейі; редакциялардың жаңа кеңістікте жұмыс жасауы; мульти кеңістік; медиа кеңістіктің жаңа көшбасшылары.
Бас спикерлер ретінде отандық және шетелдік сарапшылар, ірі халықаралық ұйымдар мен шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары, мемлекеттік сектор мен продакшн-компаниялардың өкілдері шақырылды.
AMW аясында алғаш рет баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін жыл сайынғы “Үркер” ұлттық сыйлығының марапаттау рәсімі өткізіледі.
Сонымен қатар, Astana Media Week медиа апталығына қатысушылар онлайншаралардың тұтас сериясына қатыса алады.
Аталмыш іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлі мен “Қазмедиа орталығы” ұйымдастыруымен атқарылуда.
Тіркелу үшін көрсетілгн сілтемеден өте аласыз: https://astanamediaweek.kz/registration.html