Кейбір қалалар ғасырлар бойы, басқалары мыңдаған жылдар бойы қалыптасады, ал бірнешесі онжылдықта дамыған қалалар бар. Мұндай құбылыстарға елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы ие.
Бүгінде біздің қаламыз халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен басқа да іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің оқиғалық хабы болып табылады. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, Астана экономикалық форумы, ДТҰ қалалық Туризм жөніндегі саммиті, ЭКСПО-2017 көрмесі, Routes Silk Road-2019 Форумы және басқа да көптеген іс-шаралар біздің қаламызды жарқын болашағы бар MICE-туризмнің дамыған, заманауи бағыты ретінде таныстырды.
Жылдан жылға конгресс-көрме әлеуеті артып келеді, инфрақұрылым сапасы, сонымен қатар MICE-туризм саласы қызметкерлерінің адами капиталы жақсаруда, бұл елорданы одан да ірі және маңызды іс-шараларды қабылдауға дайындайды.
Нұр - Сұлтан қаласы - шекарасысыз және әрбір кездесудің маңызы зор қала.
Видеоны тамашалау үшін келесі сілтемеден көре аласыздар: https://fb.watch/59Yd1rfY74/