Нұр-Сұлтан әуежайына кіру Ashyq арқылы өткізіледі

Басты бет Жаналықтар Нұр-Сұлтан әуежайына кіру Ashyq арқылы өткізіледі
Басты бет Жаналықтар Нұр-Сұлтан әуежайына кіру Ashyq арқылы өткізіледі
Нұр-Сұлтан әуежайына кіру Ashyq арқылы өткізіледі

Ashyq қосымшасы 500-ден астам қоғамдық объектілерге, театрларға, кафелерге, мейрамханаларға, курорттарға, фитнес орталықтарына және бассейндерге қайта ашылуға мүмкіндік берді. 

12 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан  әуежайына кіру Ashyq арқылы өткізіледі. 

Қолданбаны пайдалану өте ыңғайлы. Не істеу керек?
1) Ashyq қосымшасын App Store немесе Google play дүкенінен мобильді құрылғыға жүктеңіз;
2) Ұялы телефон нөмірімен кіріңіз, қызмет көрсету шарттарын қабылдаңыз, ЖСН енгізіңіз;
3) Пайда болған терезеде «мекемеге кіруді / шығуды тіркеу» функциясын басу арқылы бизнес объектісінің қабылдау бөлмесінде орналастырылған QR кодын сканерлеңіз;
4) QR кодын сканерлегеннен кейін, қолданбадағы келушінің мәртебесі жанады.
Коронавируспен байланысқандығы немесе жұқтырғаны анықталатын түс форматы:
жасыл - келушінің тест нәтижесі теріс;
көк - келушінің тест нәтижелері жоқ, контакт тізімінде жоқ;
сары - келуші мәліметтер базасында вирус жұқтырған жанмен байланыста болған ретінде тіркелген; 
қызыл – келуші тест нәтижесі оң шыққан тізімінде тіркелген.

Осы қосымшаның арқасында біз тез бейімделе аламыз және әдеттегі өмір салтымызға пандемия жағдайында ораламыз.