28-31 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Аренада» мәнерлеп сырғанаудан екінші Denis Ten Memorial Challenge халықаралық турнирі өтеді. Биыл жарысқа 20 мемлекеттен келген 100 спортшы қатысады.
Турнирді Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің қолдауымен «Денис Тен қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырады.
Аталмыш жарыс Орталық Азия көлемінде екінші рет ұйымдастырылып отыр. Халықаралық турнирі алғаш рет 2019 жылы Алматы қаласында өткен. Ол туринрге 18 елдің мәнерлеп сырғанаушысы қатысқан еді.