Comfort Hotel Astana қонақ үйі #SafeTravels сәйкестік белгісін алды

Басты бет Жаналықтар Comfort Hotel Astana қонақ үйі #SafeTravels сәйкестік белгісін алды
Басты бет Жаналықтар Comfort Hotel Astana қонақ үйі #SafeTravels сәйкестік белгісін алды
Comfort Hotel Astana қонақ үйі #SafeTravels сәйкестік белгісін алды

Біз сіздерге Comfort Hotel Astana WTTC және ДДСҰ қауіпсіздік хаттамаларын қабылдап, өзінің барлық санитарлық нормаларға сәйкестігін растаған алғашқы 4 жұлдызды отель болғанын қуана хабарлаймыз. Бұл қонақ үй бастамаға қосылған алғашқы қазақстандық брендке айналды.

 Естеріңізге сала кетейік, "Safe Travels" - Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің (WTTC) жаһандық бастамасы. Бұл бастаманың айрықша ерекшелігі туристерге барлық халықаралық талаптарға сәйкес келетін денсаулық сақтау және гигиена хаттамаларын енгізген бүкіл әлем бойынша компанияларды анықтауға мүмкіндік беретін "Safe Travels" сәйкестік белгісін беру болып табылады.

 #SafeTravels белгісін алу үшін сіз "Шарттар мен ережелермен" танысып, компанияңызды бірыңғай тізілімге енгізуіңіз керек, бұл сіздің бизнесіңіздің WTTC қауіпсіздік протоколдарына сәйкестігін растайды: https://www.welcometonur-sultan.com/ru/safetravels.

Тізілімге енгізілгеннен кейін кез келген маркетингтік коммуникацияда немесе электрондық құжаттарда пайдалану үшін сізге қаланың логотипімен біріктірілген ерекшелік белгісі бар PDF-файл қолжетімді болады.

Толық ақпарат сайтта көрсетілген немесе келесі имейлге хабарласуыңызға болады info@nscvb.net.

Мекен-жайы: Космонавтов к-сі 60, Нұр-Сұлтан 020000