- 2021 жылғы 9 қыркүйекте мажарлық «Wizz Air» лоу-кост тасымалдаушысы Нұр-Сұлтан және Будапешт қалалары арасында аптасына 1 рейс(Бейсенбі) жиілігімен тұрақты рейстерді қайта жаңғаруда .
- 2021 жылдың қыркүйек айының ортасынан бастап («Air Astana»17 қыркүйектен бастап, «Turkish Airlines» 25 қыркүйектен бастап) «Air Astana» және «Turkish Airlines» авиакомпаниялары Алматы-Ыстамбұл бағыты бойынша ұшу жиілігін аптасына 2-ден 3 рейске дейін арттыруда.
- 2021 жылғы 22 қыркүйектен бастап «SCAT» авиакомпаниясы Ақтөбе – Ыстамбұл бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен ұшуды бастауды жоспарлауда.
- 2021 жылдың 4 қазанында «Air Astana» авиакомпаниясы Алматы-Мале бағыты бойынша тұрақты рейстерді аптасына төрт рейс жиілігімен қайта бастайды. .
- Қазан айының үшінші онкүндігінде «SCAT» авиакомпаниясы әрбір маршрут бойынша аптасына бір рейстен жиілікпен Алматы – Джидда және Алматы-Медина маршруттары бойынша ұшуды орындауды бастайды.
Рейстердің одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға және ведомствоаралық комиссияның тиісті шешімдеріне байланысты болады.
Рейстер авиакомпанияның сайтында жарияланған санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен кестелерді қатаң сақтай отырып орындалатын болады.