Қазақстанға жаңа инновациялық технологиялар тартылатын болады

Басты бет Жаналықтар Қазақстанға жаңа инновациялық технологиялар тартылатын болады
Басты бет Жаналықтар Қазақстанға жаңа инновациялық технологиялар тартылатын болады
Қазақстанға жаңа инновациялық технологиялар тартылатын болады

Нұр-Сұлтан қаласында ТМД елдері бизнесінің өзара әрекеттесуі жөнінде Халықаралық конференция өтті. Оған «Сколково» Қорының, Еуразиялық экономикалық комиссияның, ТМД Атқарушы Комитетінің, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығының, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Арменияның технологиялық компаниялары мен бизнес құрылымдарының өкілдері қатысты.

Конференцияға қатысушылары құрылыс, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, IT және басқа да маңызды салаларда ноу-хау ұсынды.

«Біздің негізгі мақсатымыз – жаңашылдарға, жаңа бизнеске, олардың қаламызда өнеркәсіптік өндірістер құруы үшін қолайлы жағдай жасау», - деп атап өтті Astana Invest Басқарма Төрағасы Жанболат Кәкішев.

Конференцияда сарапшылар жаңа жобалармен танысып қана қоймай, оларды жүзеге асыру туралы келісімдерге қол жеткізді. Мысалы, қазақстандық «Ғылым қоры» мен «Сколково» орталығы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, шетелдік қатысушылар Қазақстанның бірқатар салалардағы тәжірибесіне қызығушылық танытты.

M3_00556.JPG
photo1637833401.jpeg
photo1637833383.jpeg
photo1637833373.jpeg