ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2022 жылғы 17 ақпандағы шешіміне сәйкес Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасы қайта жандануда.
⠀
Наурыз айының басынан бастап қазақстандық "Air Astana", "Fly Arystan" және "SCAT" авиакомпаниялары Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал және Қостанай қалаларынан Шарм-эль-Шейхке туристік ұшуларды қайта бастауды жоспарлап отыр.
⠀
‼Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және авиакомпаниялардың сайттарында жарияланған кестелерге сәйкес орындалатын болады.