«Astana Invest» туризм стейкхолдерлері үшін «Visit Nur-Sultan» жаңа сертификаттау бағдарламасын ұсынды

Басты бет Жаналықтар «Astana Invest» туризм стейкхолдерлері үшін «Visit Nur-Sultan» жаңа сертификаттау бағдарламасын ұсынды
Басты бет Жаналықтар «Astana Invest» туризм стейкхолдерлері үшін «Visit Nur-Sultan» жаңа сертификаттау бағдарламасын ұсынды
«Astana Invest» туризм стейкхолдерлері үшін «Visit Nur-Sultan» жаңа сертификаттау бағдарламасын ұсынды

Бүгін, ағымдағы жылдың 21 мамырында «Astana Invest» туризм стейкхолдерлері үшін  «Visit Nur-Sultan» жаңа сертификаттау бағдарламасымен таныстырды.
 
Жаңа сертификаттау бағдарламасы туристік нарықтың барлық секторларын құрайтын, қоғамдық тамақтану жерлерден бастап көлік және сервистік компанияларға дейін біріктіретін Қазақстандағы алғашқы бағдарлама болып табылады.  Бағдарламаның негізгі мақсаты - көрсетілетін туристік қызметтердің сапасын жақсарту.
 
Аталмыш шараға спикер ретінде  "Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" ММ басшысы Ерлан Бекмурзаев,«Astana Invest» ҚИДО» ЖШС Басқарма Төрағасы Ержан Балтаев,"Kazakh Tourism" ҰК” АҚ Басқарма директоры Талғат Аманбаев шақырылып, сонымен қатар Қазақстан қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығының атынан Анар Шаймуханова сөз сөйледі.
 
Бұл кездесуге келгендер арасында: the St.Regis Astana, The Ritz-Carlton, Rixos President Astana, Hilton Garden Inn, Sheraton Nur-Sultan, Hilton Astana, Astana Marriot Hotel және тағы басқа жетекші қонақ үйлер қатысты. "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры, Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік драма театры өкілдері және басқа да қызмет өкілдері шақырылды.
 
Бағдарламаны қортылай келе, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еліміздің елордасына туристердің санын тартуға көмектесетін жаңа енгізілімдер туралы ойларымен бөлісті.