2021 жылдың күзінде Нұр-Сұлтан қаласында Орталық Азияның тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі үшін маңызды іс-шара – Astana Mining & Metallurgy – АММ 2021 Конгресі әдеттегі офлайн форматта он бірінші рет өтеді.
20-21 қазан аралығында екі күн бойы халықаралық салалық сарапшылар, нарықтың ірі компанияларының бас атқарушы директорлары (CEO), бизнесмендер, мамандар делегаттармен тау-кен металлургия саласының негізгі мәселелерін және оның даму перспективаларын талқылайды.
АММ күндері дәстүрлі түрде жыл сайынғы «Алтын Гефест» салалық байқауы өтеді, онда ТКМ жетекші мамандары атынан құзыретті қазылар алқасы кәсіби қызметтері үшін 14 номинацияда тау-кен металлургия секторындағы ең үздіктерді анықтайды.
Шараны ұйымдастырушы қазақстандық Iteca көрме компаниясы.
Толығырақ ақпарат көрсетілген сайттан www.amm.kz немесе +7 (727) 258 34 34 (ішкі. 248) білуге болады.