Құрметті әріптестер,
Сіздерге жақын арада өтетін халықаралық көрмелерді ұсынамыз.
- 22-25 қыркүйек аралығында Токио қаласында (Жапония) Tourism Expo Japan халықаралық көрмесі ұйымдастырылуда. Орталық Азияның бірыңғай туристік брендін ілгерілету мақсатында Жапон Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) қолдауымен Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан мемлекеттерінің қатысуы жоспарлануда. Қызушылық білдірген тұлғала үшін өтінімді келесі сілтеме бойынша толтыра аласыздар: https://bit.ly/3PwmXaT.
- 27-28 қыркүйекте Қырғыз Республикасының Ош қаласында «Бірлескен тұрақты туризмді дамыту «ІІ үлкен өңірлік туристік Форум-көрмесі» өтеді.
- 20-21 қазанда Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласының Таврия сарайында «TRAVEL HUB: Достастық» халықаралық форумы өтеді. Оның негізгі мақсаты шекаралардың ішінара жабылуы және туристік нарықтың бірқатар халықаралық ойыншыларының кетуі жағдайында ТМД елдерінің туристік нарығына қатысушылар арасындағы жаңа байланыстарды дамыту болып табылады.
- 28-30 қазанда Канаданың Монреаль қаласында «International Tourism and Travel Show» халықаралық туристік көрмесі жоспарланған.
- 7-9 қарашада World Travel Market (Лондон қ., Ұлыбритания) Қазақстан делегациясы қатысуыда. Қазіргі таңда туристік бизнес өкілдеріне қатысуға тіркеу ашық. Қызушылық білдірген тұлғала үшін өтінімді келесі сілтеме бойынша толтыра аласыздар: https://bit.ly/3puoLXs.
- 24-26 қарашада «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ қолдауымен қазақстандық компаниялардың Варшава қаласында (Польша) өтетін TT Warsaw халықаралық көрмесіне қатысуы жоспарлануда. ҚР делегациясына қосылу үшін мына сілтеме бойынша тіркеліңіз: https://bit.ly/3bXWmpC.
- 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында «Жібек жолындағы Туризм» халықаралық туристік жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке басты көрме алаңы - «УзЭкспоМарказ» аумағында өтеді.
Сіздерден көрсетілген сілтемелер бойынша қатысуды тіркелуді немесе электронды пошта арқылы info@nursultancb.com
өтінімдерді жіберуді сұраймыз.