#VenuesNS: «Мәскеу» Бизнес-орталығы

Басты бет Жаналықтар #VenuesNS: «Мәскеу» Бизнес-орталығы
Басты бет Жаналықтар #VenuesNS: «Мәскеу» Бизнес-орталығы
#VenuesNS: «Мәскеу» Бизнес-орталығы
Бүгін #VenuesNS айдарында «Мәскеу» Бизнес-орталығының мүмкіндіктерін ұсынамыз.

«Мәскеу» Бизнес орталығы-бұл екі астананың – Нұр – Сұлтан мен Мәскеудің достығын білдіретін айтулы даму жобасы.

Бизнес-орталық жаңа сапа мен өмір салты идеясын жүзеге асырады. Ғимаратта «А» класты Кеңсе орталығы, конференц-орталық, сауда орталығы, мейрамханалар, сондай-ақ екі деңгейлі жерасты паркингі орналасқан. Жалпы ауданы 70 000 м2 құрайды.

Кешеннің төртінші қабатында орналасқан Конференц-орталық екі әмбебап залды («Астана» Конференц - залы және кіші конференц-зал) жалға ұсынады. Кең конференц-залдар заманауи дизайнымен және ыңғайлы орналасуымен ерекшеленеді және конференциялар, презентациялар және ресми іс-шаралар өткізу үшін өте қолайлы.

Залдардың ауданы 86-230 м2-ден өзгереді, биіктігі - 8 метр. Сыйымдылығы 120 адамға дейін (пандемияға дейін, қазір санитарлық-эпидемиологиялық талаптар аясында сыйымдылығы азайтылған).

Конференц-орталықта іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша толық ақпаратты ресми сайттан таба аласыз www.moskva.kz

Мекен-жайы: Достық көшесі, 18
Тел.: +7 (7172) 62-00-00

0S7A8581.jpg
0S7A8581.jpg
000-0S7A8556.jpg
000-0S7A8596.jpg
000-0S7A8680.jpg
28164640_739557656239745_227719865684098626_o.jpg
261984048_1695503440645157_8580117109490679482_n.jpg