Басты бет Жаналықтар SPK Astana Development және QazTrade іскерлік туризм саласында ынтымақтасуға келісті
Басты бет Жаналықтар SPK Astana Development және QazTrade іскерлік туризм саласында ынтымақтасуға келісті
SPK Astana Development және QazTrade іскерлік туризм саласында ынтымақтасуға келісті
«SPK Astana Development» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Ералы Оралов және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директорының орынбасары Әсел Егембердиева Астана қаласының MICE-индустриясын дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Құжатқа сәйкес тараптар қажетті ақпаратпен алмасуды, сондай-ақ Елордада инвестициялар тарту және бизнесті дамыту жөніндегі жобаларға қатысуды жоспарлап отыр.
«Біздің компаниялардың қызметінде көптеген байланыс нүктелері бар. Күш-жігерімізді біріктіре отырып, біз Астана мен өңірлердің экономикалық белсенділігін ынталандыруға бағытталған, оның ішінде инвестициялар тарту және шағын және орта бизнесті дамыту арқылы бірлескен жобаларды ілгерілетіп, іске асыра аламыз», – деді Ералы Оралов.
Сондай-ақ, бірлескен күш-жігермен іскерлік іс-шаралар, өңірлік және халықаралық конференциялар мен бизнес-форумдар жоспарланып отырғаны атап өтілді.
«Біздің компанияның негізгі қызметі сыртқы нарықтарға экспортты ілгерілету болып табылады. Бизнеске арналған іс-шараларды біз шетелде де, Қазақстанда да өткіземіз. Сіздермен ынтымақтастық экспортқа бағдарланған қазақстандық кәсіпорындар үшін көбірек серіктестер тартуға көмектеседі, сондай-ақ Қазақстанда іскерлік туризмді дамытуға ықпал етеді», – деп атап өтті Әсел Егембердиева.