Шахматтан рапид және блицтен 2021 жылғы ФИДЕ Әлем чемпионаттары Нұр-Сұлтан қаласында күтілуде

Басты бет Жаналықтар Шахматтан рапид және блицтен 2021 жылғы ФИДЕ Әлем чемпионаттары Нұр-Сұлтан қаласында күтілуде

2021 жылғы 25-31 желтоқсан аралығында Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Шахматтан рапид және блицтен 2021 жылғы ФИДЕ Әлем чемпионаттары (FIDE World Rapid and Blitz Championships 2021) өтеді. Аталған жарыс шахмат күнтізбесіндегі асыға күтілетін оқиғалардың бірі болып табылады.

Әлемнің 52 елінен 200-ден астам шахматшының қатысуы күтілуде, оның ішінде әлем чемпиондары мен вице-чемпиондары, FIDE (Халықаралық шахмат федерациясы) нұсқасы бойынша рейтингі ең жоғары шахматшылар бар.

Сондай-ақ, Қазақстандық шахмат федерациясының қосымша 30 қазақстандық ойыншыны шақыруға айрықша құқығы бар.

Қосымша ақпарат kazchess.kz сайтында және ҚШФ-ның әлеуметтік желілерінде жаңартылып отыратын болады.