Qazaqstan Live Fest 2022
Сіздерді Қазақстандағы туризм, спорт және белсенді өмір салты саласындағы бірегей оқиға – Qazaqstan Live Fest @qazlivefest халықаралық көрмесіне қатысуға шақырамыз!

Qazaqstan Live Fest көрмесі 2022 жылғы 17-19 маусым аралығында Нұр- Сұлтан қаласындағы ЭКСПО халықаралық көрме орталығында өтеді.

Qazaqstan Live Fest – әлеуетті тұтынушыларға сіздің брендіңіздің мүмкіндіктерін көрсетуге, жаңа іскерлік қарым-қатынастар орнатуға және Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілету үшін күштерді біріктіруге тамаша мүмкіндік.

19 маусымда Qazaqstan Live Fest-пен бірлесіп, ең ірі жүгіру шарасы – Нұр- Сұлтан жарты марафоны 2022 өтеді.

Көрменің жарқын атмосферасында жаңа туристік маршруттар мен сәнді спорт өнімдерін көрсету, сынақтар, тренингтер, шеберлік сабақтары, іскерлік кездесулер мен тақырыптық конференциялар Qazaqstan Live Fest-те ынтымақтастық үшін тамаша жағдай жасайды.
Танысыңыз, сөйлесіңіз, трендтерді орнатыңыз!

Qazaqstan Live Fest көрмесіне қатысты сұрақтар бойынша ұйымдастырушыларға хабарласыңыз +77772463636