Нұр-Сұлтан қаласында іскерлік іс-шаралар кездесу индустриясын дамытудың негізгі драйвері болып табылады. Қазақстанда карантин режимі жеңілдетілелуіне орай офлайн форматтағы іс-шаралардың жұмысы қайта жандатылуда.
Бүгін 2021 жылдың қараша айының соңына жоспарланған іскерлік іс-шаралармен бөліскелі отырмыз.
18-19 қарашада «EXPO» халықаралық көрме орталығының алаңында «Қазавтожол-Kaztraffic» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтеді. Негізгі ұйымдастыру - «VS ExpoCom» ЖШС.
19-20 қарашада Конгресс орталығында V ұлттық конгресі «Нефрологияның Глобалдылығы: басым бағыттар және стратегиялық тәсілдер" РҚБ өтеді. Конгресс шеңберінде жас ғалымдар конкурсын өткізу жоспарлануда, онда конкурстың нәтижелері бойынша бірінші орынға Еуропалық бүйрек қауымдастығы - Еуропалық диализ және трансплантология қауымдастығы (ERA-EDTA) тегін жылдық мүшелігі беріледі.
Сонымен қатар, 24 қарашада Marriott Astana қонақ үйінде 2030 жылға дейінгі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің инновациялық ынтымақтастығының мемлекетаралық бағдарламасы шеңберінде конференция-стратегиялық сессияның отырысы жоспарлануда. Ұйымдастырушылар «Сколково» жаңа технологияларды әзірлеу және коммерцияландыру орталығының Даму Қоры, «Astana Invest «ҚИДО» ЖШС, инновациялық кәсіпкерлікті дамыту қоры", сондай-ақ «Кварта» компаниялар тобы болып табылады.