Басты бет Жаналықтар KITF 2022 - «Туризм және Саяхат»
Басты бет Жаналықтар KITF 2022 - «Туризм және Саяхат»
KITF 2022 - «Туризм және Саяхат»

20-22 сәуір аралығында «Туризм және Саяхат» - KITF 2022  20 - шы мерейтойлық  көрмесі өтті.

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі - Ержан Еркінбаев, Туризм индустриясы комитетінің төрағасы - Айдос Сәкенов, "Kazakh Tourism "ұлттық компаниясы" АҚ төрағасының орынбасары - Қайрат Сәдуақасов және Қазақстандық Туристік қауымдастық пен Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығының директоры - Шайкенова Рашида қатысты.

Көрме аясында Әзірбайжан Туризм Бюросының панельдік сессиясы өткізіліп, онда Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы туристік ағындарды арттыру және ынтымақтастықты дамыту шаралары талқыланды.

Көрме бүкіл әлемнің туризм мамандары: туроператорлар мен турагенттіктер, авиакомпаниялар, ұлттық және аймақтық туристік ұйымдар мен қонақ үй бизнесінің өкілдері үшін нетворкинг алаңына айналды. Көрме жұмысы барысында қатысушылар оқыту семинарларына, тренингтер мен бағдарламаларға қатысып, тиімді арнайы ұсыныстар алып, серіктестік қарым-қатынастарды тиімді құра алды.

Барлық әріптестерді көру өте жақсы болды!