Елордамыз Жоғары Білім Сапасын Куәландыру Агенттіктері желісінің халықаралық конференциясын 2023 жылы өткізу құқығына ие болды. Жергілікті ұйымдастырушы- Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA). Іскерлік бағдарламаға 250-ден астам делегат қатысады, олар жоғары білім беру саласының өзекті мәселелері мен сын-қатерлерін талқылайды, тәжірибе мен білімдермен бөліседі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының академиялық қоғамдастығымен танысады.
Жоғары білім сапасын куәландыру агенттіктерінің халықаралық желісі (INQAAHE) -жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету және растау теориясы мен практикасына қатысатын ұйымдардың дүниежүзілік қауымдастығы. Негізгі қатысушылар-жоғары білім сапасын қамтамасыз ету теориясы мен практикасына белсенді қатысатын 500-ден астам ұйым.