Қазақстанның мәдени және табиғи мұрасын сақтау және адам тұлғасының бірегейлігін насихаттау мақсатында Global Nomads қазақстандық киім бренді
@globalnomadsawards жас дизайнерлердің жыл сайынғы халықаралық байқауын бастайды.
Байқау серіктестері - Global Nomads қазақстандық киім бренді, Kazakh Tourism, ЮНЕСКО клубтарының Ұлттық федерациясы, сондай-ақ ақпараттық серіктесі - Astana Invest болып табылады.
Байқау презентациясы және жоба бастамашысы, Mimiroki және Global Nomads брендтерінің жетекшісі Инна Апенкомен баспасөз конференция 2021 жылы 29 қазанда сағат 11:00-де HILTON ASTANA қонақ үйінде өтеді.