Басты бет Жаналықтар Гид-экскурсоводтарды дайындау бойынша курстың ресми ашылуы
Басты бет Жаналықтар Гид-экскурсоводтарды дайындау бойынша курстың ресми ашылуы
Гид-экскурсоводтарды дайындау бойынша курстың ресми ашылуы

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Astana Polytechnic College аясында «Astana Invest «ҚИДО» ЖШС үйымдастырумен гид-экскурсоводтарды дайындау бойынша курстың ресми ашылуы өтті.

Курсқа 54 адам қатысуда, олар үш ай ішінде экскурсия өткізудің технологиялары мен әдістері бойынша сессияларға, жаяу, автобус, сондай-ақ қала сыртындағы экскурсияларға шеберлік сыныптары мен практикаларға қатысады.

Оқытуды өткізуге ұлттық жаттықтырушылар, 1 санаттағы экскурсовод-әдіскерлер, тарих ғылымдарының докторлары, ғылыми қызметкерлер, практик-дәрігер, сонымен қатар экскурсия өткізу кезіндегі қорқыныш пен кедергілерді жою үшін психолог шақыртылды.

Қатысушыларға «гид-экскурсовод» мамандығын игеруде табыс тілейміз!