Халықаралық маңызы бар іс – шара және қаланың визит картасы- Астана экономикалық форумы 2023 жылғы маусымда қысқа үзілістен кейін қайта оралуда.
⠀
АЭФ әлемдегі ең ірі халықаралық форумдардың бірі болып табылады. 2008 жылдан бастап форум жыл сайын жаһандық көшбасшыларды, сарапшыларды және бизнес-қоғамдастық өкілдерін біріктіріп, қазіргі заманның негізгі экономикалық және әлеуметтік сын-қатерлерімен күресудің шешімдерін іздеді.
⠀
Соңғы рет 2019 жылдың мамырында өткізілді, кейінірек оны өткізу коронавирустық пандемияға байланысты кейінге шегерілді.