Астана қаласында халықаралық автобустар көрмесі өтеді

Басты бет Жаналықтар Астана қаласында халықаралық автобустар көрмесі өтеді
Басты бет Жаналықтар Астана қаласында халықаралық автобустар көрмесі өтеді
Астана қаласында халықаралық автобустар көрмесі өтеді
Busworld брендімен өтетін көрмелер – 50 жылдай тарихы бар, дүние жүзі бойынша осы салада жұмыс істейтін мамандарды біріктіретін автобус индустриясындағы ең танымал іс-шаралар.
Аты аңызға айналған көрме Қазақстанға 2023 жылдың 18-20 мамырында қайтып келіп, Астана қаласында өтеді.


2023 жылғы қатысушылар

Заманауи автобуспен жолаушылар тасымалдауын ұйымдастыру – әлемнің көптеген мегаполистері үшін өзекті мәселе, ал қалалық мұқтаждықтарға және туризмге арналған тасымалды ұйымдастыру қажеттілігі жылдан жылға ұлғайып келеді. Busworld Central Asia халықаралық көрмесі – Орталық Азия өңіріндегі аталмыш мәселелерді шешуге арналған нарық білгірлерін біріктіретін алаң.
Көрмеде Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның, Беларусьтің, Люксембургтің өндіруші-компаниялары туристік және қалалық автобустардың, микроавтобустардың түрлі модельдерін, сондай-ақ оларға қызмет көрсетуге арналған құрал-жабдық пен қосалқы бөлшектер ұсынады. Осы жылдың қатысушылары арасында жолаушылар автобусын, электробус және жол-құрылыс техникасын жасайтын Қазақстанның аса ірі QazTehna зауыты бар. Компанияның стендінен ең жаңа Yutong автобус модельдерімен танысуға болады.
Сонымен қатар көрмеге қатысушылар Ресейдің аса ірі Sinara Transport Cars машина жасау холдингінің өкілдерімен сұхбаттаса алады. Коммерциялық техника жасаумен, сатумен және сервистік қызмет көрсетумен айналысатын Қазақстандағы алғашқы автокөлік компанияларының бірі - «Вираж» компаниялар тобының стендінен көрмеге келушілер Ресейдің GAZ және Қытайдың Zhongtong автобустарының ең жаңа үлгілерімен танысады.
Өзбекстаннан келген қатысушы – Самарқанд Автокөлік Зауыты көрмеде коммерциялық көлік жасаудағы әлемдік алдыңғы қатарлы өндірушілердің бірі – жапондық ISUZU компаниясының шасси негізінде жасалатын өнімін көрсетеді.
Көрмеге қатысушылар ең жаңа техника бірліктерінің түрлерін және сипаттамаларын алғашқы болып көру және өндірушілермен тікелей сатып алу жөнінде келісу мүмкіндігіне ие болады.


Іскери бағдарлама

Көрмеге автокөлік холдингілерінің басшылары, сарапшылар және халықаралық ұйымдар өкілдері шақырылған, олар Қазақстан мен Орталық Азиядағы жолаушылар тасымалы саласындағы өздерінің тәжірибесімен бөліседі.
18 мамыр күні көрме аумағында Busworld Central Asia конференциясы өтеді, онда халықаралық деңгейде тәжірибелері бар қатысушылар мен сарапшылар мейлінше өзекті мәселелерді талқылайтын болады:
  • Қалалық жолаушылар көлігін одан әрі жаңарту;
  • Қазақстанда автопарктерді жаңартуға байланысты ағымдағы жағдайлар;
  • Тиімді әрі клиентке бағытталған автобус бағытын ұйымдастыруға арналған мүдделі мемлекеттік және жекеменшік тұлғалар арасындағы серіктестік үлгісі;
  • Орталық Азиядағы қалааралық автобус тасымалы және автобус туризмінің болашағы;
  • Адами капитал – автобус жүргізушілерін іздестіру, іріктеу, оқыту және кәсіби қайта даярлау.

Туризм көрмесімен бірлестікте

Автобус тақырыбын толықтыра келе, Busworld Central Asia көрмесімен бір алаңда Qazaqstan Live Fest атты туризм мен спорттың халықаралық көрмесі өтеді. Қазақстанның ішкі туризмін дамыту жағдайында автобус саяхаты танымалдығының өсу трендін бақылай отырып, екі көрменің біріктірілуі оған қатысуға деген қосымша құндылық туғызады және көптеген іргелес мәселелерді қысқа мерзімде және бір алаңда шешуге мүмкіндік береді. Мысалы, бұл жерде Қазақстанның өзге өңірінің, Туризм және спорт индустриясын қолдау қорының өкілдерімен сұхбат жүргізуге, Республикада туризмді дамытуға арналған TravelHub Kazakhstan конференциясына (18-19 мамыр) қатысуға болады. Конференцияға қатысушылар туризмге инфрақұрылымдық қолдау көрсету, меркетингілік стратегиялар мен туристік бағыттарды дамыту, ішкі туризмді алға жылжыту және көптеген басқа да мәселелер талқылайтын болады.
Көрмеге және іскери бағдарламаға қатысу – онлайн-тіркеу бойынша тегін.