Astana Zdorovie 2021

Денсаулық сақтау саласындағы мамандар жаһандық пандемияға байланысты ұзақ үзілістен кейін "Astana Zdorovie 2021"алаңында қайта кездесуде.

Денсаулық сақтау мәселелеріне арналған "Astana Zdorovie 2021" халықаралық көрмесі бүгін Нұр-Сұлтан қаласында басталып, аталмыш жылдың 29 қазанға дейін өтеді.

AstanaZdorovie жаңа медициналық және зертханалық жабдықтарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық құралдарды, шығын материалдарын, дәрілік препараттарды және т. б. ұсынатын ондаған отандық және шетелдік компанияларды біріктіреді.