Қазақстан Орталық Азияның ең ірі іскерлік жəне транзиттік хабы болуға тырысады. Қазақстанның азаматтық авиация саласында көптеген жағымды өзгерістер орын алды – бұл жаңа əуежайлар мен терминалдарды, жаңа авиациялық бағдарларды пайдалануға енгізу. Халықтың мобильділігін, авиациялық тасымалдар қолжетімділігін арттыру заманауи əуежайдан бастап əуе кемелері паркін тиімді басқаруға дейін, азаматтық авиация инфрақұрылымын дамыту деңгейіне байланысты.
Қазақстанда «Airport Expo» көрмесін өткізу – азаматтық авиацияны жаңғырту жəне жетілдіру мəселелерін шешуде келешекте елеулі көмек көрсете алатын маңызды əрі уақтылы іс-шара.
Ал Қазақстан астанасының Еуразия төрінде тиімді географиялық орналасуы жүк, сондай-ақ жолаушылар тасымалдайтын жаңа авиакомпанияларды тарту кезінде артықшылық болып табылады.
Airport Expo’2022 көрмесі көрменің негізгі тақырыптық бағыттары бойынша қатысушылармен ұсынылған жаңа технологияларды, техниканы жəне жабдықты қолдану аясын бұдан да көбірек кеңейтуге мүмкіндік беретін перспективалық бағдарламаларға старт береді:
- Терминаларды, ҰҚЖ, инфрақұрылымдық объектілерді жобалау, салу, қайта құру.
-
Əуежайларда жердегі қызмет көрсету.
-
Əуеайлақтарға, жолаушылар жəне жүк терминалдарына арналған техника, технологиялар жəне
-
жабдық.
-
Əуежайда жəне əуе көлігінде қауіпсіздік жүйелері.
-
Əуе қозғалысын басқару.
-
Əуежайларға жəне авиакомпанияларға арналған IT жəне бағдарламалық жасақтама.
-
Ұшу жарамдылығы жəне пайдалану.
-
Əуежай жəне əуежай жанындағы инфрақұрылымының бизнес-ортасы.
-
Кадрларды оқыту, даярлау жəне қайта дарялау.
-
Əуежайлар жəне авиакомпаниялар.
-
Бизнес авиация.
-
Авиациялық медицина.