Басты бет Жаналықтар Air Astana Астана мен Бейжің арасында тікелей әуе рейстері қайта ашылады
Басты бет Жаналықтар Air Astana Астана мен Бейжің арасында тікелей әуе рейстері қайта ашылады
Air Astana Астана мен Бейжің арасында тікелей әуе рейстері қайта ашылады

Ағымдағы жылдың 25 наурызынан бастап «Эйр Астана» әуекомпаниясы Астана – Пекин бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі) ұшуды қайта бастауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 13 ақпанынан бастап, Алматы және Бейжің қалалары арасындағы рейстерді 1 рейстен аптасына 5 рейске дейін біртіндеп ұлғайтуды жоспарлап отыр (көктемгі-жазғы навигация кезеңде аптасына 5-тен 7 рейске дейін кезең-кезеңімен одан әрі ұлғайтуды жоспарлануда).

Қытай мемлекеті 2020 жылдың наурызында саяхатқа шектеулер енгізілгеннен бастап, алғаш рет шетелдік туристер үшін өз шекарасын ашты. Келген саяхатшыларға карантинде болу қажет болмайды, алайда келуден 48 сағат бұрын жүргізілген теріс ПТР-ны ұсынуыңыз керек.

Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің ұлғаюы екі дос ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени-іскерлік ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ ҚХР азаматтары үшін енгізілген 14 күндік визасыз режимді толыққанды пайдалануға ықпал етеді.