1997 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлығы шықты.
1998 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының елордасы – Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы » Жарлыққа қол қойды.
2019 жылғы 23 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының елордасы- Нұр – Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы» Жарлығы шықты.
Бүгінде Қазақстанның елордасы-Нұр-Сұлтан қаласы:
- Қазақстандағы ЖӨӨ шағын және орта бизнес үлесі бойынша 1-ші орын;
- Қазақстан Республикасында инвестициялық келісімшарттарға қол қою орны бойынша 1-ші орын (56-дан 24-і орынға көтерілді);
-Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы үшін негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бойынша 1-ші орын.