2022 жылғы маусымға арналған іс-шаралар күнтізбесі
Құрметті әріптестер,
Бүгін біз 2022 жылдың маусымына арналған іскерлік іс-шаралар күнтізбесін ұсынамыз.
2 маусымда Hilton Astana-да "ECOJER"екінші халықаралық конгресі өтеді. Аталған алаң әлемге әйгілі тәжірибелі сарапшыларды, экобелсенді және мемлекеттік органдар өкілдерін біріктіреді.
14-15 маусымда Бразилиялық инвестициялық форум онлайн форматта өтеді. Форумда инвесторларды қызықтыратын жаңа бизнес-модельдер және акционерлік капиталға инвестиция салу жөніндегі бастамалар сияқты тақырыптар талқыланады.
16-17 маусым аралығында Hilton Astana алаңында " Astana Mining & Metallurgy "халықаралық конгресі өтеді. Аталған конгресс тау-кен металлургия кешенінің ауқымды іс-шараларының бірі болып табылады.
17-19 маусым аралығында Қазақстанда алғаш рет туризм, спорт және белсенді өмір салты бойынша Qazaqstan Live Fest 2022 халықаралық көрмесі өтеді.
"EXPO" халықаралық көрме орталығының алаңында 2022 жылдың 22-23 маусымында "QAZAQ INDUSTRY-2022"халықаралық іскерлік форумы өтеді.
Сондай-ақ, 23-26 маусым аралығында "EXPO" ХТО – да Automechanika Astana автокөліктеріне сатылымнан кейінгі қызмет көрсетудің халықаралық көрмесі өтеді, сонымен қатар Қазақстандағы жүк және коммерциялық көліктің жалғыз көрмесі-Futuroad Expo Astana өткізу жоспарлануда.
2022 ж. 23-26 маусымда елордада Nur-Sultan International Motor Show (NIMS) + Drive Fest халықаралық автосалонының көрмесі өтеді. Ол "EXPO" ХТО аумағында орналасады, оның аясында бүкіл отбасы үшін ойын-сауық іс-шаралар фестивалін өткізу жоспарлануда.
27-29 маусым аралығында онлайн-форматта Astana Finance Day аясында төртінші жыл сайынғы қазақстандық Edtech білім беру технологиялары форумы өтеді.