Қатысушылар саны: 5000
Категория: Көрме
Байланыстар: +7(7172) 39 60 70
Іс-шара сайты: www.eurasbook.com
Электрондық адрес: info@eurasbook.com
![Eurasian Book Fair 2023 Eurasian Book Fair 2023](/upload/iblock/74b/xkmycpma1pv5c4y2tofyd8pa9k4x7ugq.jpg)
Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі – ТМД, Еуропа мен Азия елдерінің баспа ісі, кітап саудасы, ғылыми-білім беру және полиграфия компанияларын үлкен зияткерлік алаңға біріктіруге мүмкіндік беретін Еуразия кеңістігіндегі ірі мәдени-ағартушылық шара.
Ұйымдастырушы – «Фолиант» баспасы (Қазақстан Республикасы,Астана қ.)
Ресми қолдаушылар: Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
Көрменің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
— Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің мәдениет және әдебиет саласындағы және кітап баспасының түрлі салаларындағы даму жетістіктерін көрсету;
— халықаралық мәдени, іскерлік байланыстарды нығайту және рухани-адамгершілік ағарту, білім беру және мәдениет саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және кәсіпкерлік құрылымдардың белсенді ынтымақтастығын дамыту;
— рухани-адамгершілік ағарту, білім беру және мәдениет саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және кәсіпкерлік құрылымдардың белсенді ынтымақтастығының дамуын нығайту;
— оқырмандардың сұранысы негізінде өзара тиімді ақпарат алмасу және кітап өнімдерін шығару және тарату бойынша келешектегі мақсат-міндеттерді айқындау;
— әлеуетті оқырмандар мен сатып алушыларға жетекші баспалардың қазіргі заманғы кітап өнімдерінің алуан түрлерін, кітап шығару және полиграфия саласындағы жаңа технологияларды ұсыну;
— баспа, автор, кітапхана, кітап сатушы ұйымдар мен полиграфиялық компаниялардың ақпараттық, шығармашылық және іскерлік ынтымақтастығын нығайту және кеңейту;
— әлемдік баспа индустриясының тәжірибесін зерттеу және кітап баспагерлері, кітап таратушылар, полиграфиялық материалдар мен жабдықтарды жеткізушілер арасында байланыс орнату.