Басты бет
Визалық талаптар
Визалық талаптар
Қазақстанда кейбір елдермен визалық режим қарастырылмаған – Сізге Қазақстанға арнайы рұқсатсыз еркін түрде келуге болады. Түрікменстаннан басқа, ТМД елдерінің азаматтары үшін визаның қажеті жоқ. Сондай-ақ, Монғолия, Түркия, Аргентина, Сербия азаматтарынан да виза талап етілмейді.
Көптеген елдермен виза алудың жеңілдетілген тәртібі орнатылған. Демек, сіз Қазақстан елшілігіне келіп, виза алу үшін сауалнама ғана толтырасыз. Бұл жағдайда сізге – рұқсат, шақыру, туристік ваучерлер, қонақүйлерде бронь жасау, және т.б. қосымша құжаттардың қажеті жоқ.
Егер сіздің еліңізбен виза алудың жеңілдетілген тәртібі орнатылмаған болса, онда визалық қолдау – шетелдік мемлекетке келуге ресми шақыру болған кезде ғана виза алу мүмкін болады. Сізге қабылдаушы тараптың келісімін алу қажет. Қазақстандағы кез келген туристтік агенттікке жүгіну арқылы, сіз өз бетіңізбен шақыру рәсімдей аласыз. Дипломаттық өкілдікке жүгіну арқылы, немесе өз еліңіздегі туристтік агенттіктің қызметтерін пайдалану арқылы, сіз өз бетіңізбен виза ала аласыз. Егер сіздің елде Қазақстанның дипломаттық өкілдігі жоқ болса, сіз Ресей Федерациясының дипломаттық өкілдігіне ақпарат алу және визалық қолдау үшін жүгіне аласыз.
Сондай-ақ, шетел азаматтарын тіркеу қағидалары бар. Тіркеу кезінде арнайы талон беріледі, немесе төлқұжатқа мөртабан қойылады. Кейде тіркеу талап етілмейді (үкіметтің өкімдеріне, арнайы жарлықтарына, жеңілдетілген визалық режімдерге және т.б. сәйкес), Қазақстанға кіргенде шекаралық қызметтің жергілікті өкілдерінен сізге келген жерде тіркеуді рәсімдеу керек пе деген сұрақты міндетті түрде нақтылап сұрап алыңыз. Кейбір елдердің азаматтары үшін бұны 72 сағат ішінде жасау керек. Тіркеу үшін төлқұжатта Қазақстан шекарасынан кесіп өткені туралы белгі керек, немесе сіз Қазақстанға келген билеттердің көшірмесі қажет. Ел ішінде жүріп-тұру еркін, Қазақстанның басқа қалаларына барған кезде қосымша тіркеуден өтудің қажеті жоқ. Ақпаратты Астана қаласының әкімдігі ұсынған.
Шетел азаматтарына қойылатын визалық талаптар тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Қазақстан Республикасына келем деушілер үшін толық ақпаратпен ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтындa танысуға болады.
+7 (7172) 72-05-13, 72-01-14, 72-05-17
+7 (7172) 72-01-13, 72-04-71, 72-04-88, 72-03-07.
Телефон: +7 (727) 272-07-40, Факс: +7 (727) 272-04-01
Кезекші дипломат (демалыс және мереке күндері тәулік бойы, жұмыс күндері 18-30-дан 09-00-ге дейін):
+7 (7172) 72-01-11
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
010000 Қазақстан, Астана
Д. Қонаев көшесі, 31

ҚР Сыртқы істер министрлігімен байланыс:
Кеңсе (құжат айналымы мәселелері бойынша):
Кеңсе (құжат айналымы мәселелері бойынша):
+7 (7172) 72-05-13, 72-01-14, 72-05-17
Консулдық мәселелер бойынша:
+7 (7172) 72-01-13, 72-04-71, 72-04-88, 72-03-07.
ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдігі:
Телефон: +7 (727) 272-07-40, Факс: +7 (727) 272-04-01
Кезекші дипломат (демалыс және мереке күндері тәулік бойы, жұмыс күндері 18-30-дан 09-00-ге дейін):
+7 (7172) 72-01-11
Мекен жайы: