+7 (7172) 70-12-02, +7 (7172) 70-12-12, +7 (7172) 70-12-33
Ресми веб-сайт
2011-2020 жылдарға арналған ҚР білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасында балаларға қосымша білім беру мекемелерінің балалар мен жастардың жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудағы маңызды ролі ерекше аталып көрсетілген. 2011 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Астана қаласында Оқушылар сарайы салынды.
Ғимараттың жалпы ауданы: 61 274,6 шаршы метр, төрт қабат, құрылыс ауданы – 18 715, жайлар мен бөлмелер саны – 842, қабырғалардың материалы - монолит, салынған жылы – 2011 ж.Астана қаласының Оқушылар сарайы ашық, белсенді түрде қызмет атқарып келе жатқан педагогикалық жүйе, оның басты тапсырмасы – балалар мен жастарға әлеуметтік тұрғыдан маңызды мақсаттарды анықтап, қол жеткізуге көмек көрсету. 2013-2014 оқу жылында Оқушылар сарайында 9088 баланы қамтитын, 630 топтағы 109 үйірме жұмыс жасауда. Оқушылар сарайында 171 қосымша білім беру педагогтары қызмет атқарады.