Басты бет
Нұр-Султан туралы
Қала туралы
Астана қаласы Қазақстанның орталығында құрғақ дала аймағында орналасқан. Есіл өзені астананың басты су артериясы болып саналады. Қала климаты тым континенттік – қысы суық әрі ұзақ болса, жазы ыстық, орташа қуаң.
Негізделген
1830 жыл
Алаңы
797,33 км2
Халық
1 078 362 чел. (2019)
Валюта
Теңге
Тілі
қазақ, орыс
Астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан, ал халық саны-1010000 адамнан асады. Қаланың архитектуралық келбеті ерекше еуразиялық стильде орындалған, онда Шығыс пен Батыстың мәдени дәстүрлері үндесе көрініс тапқан. Бұндай бас жоспардың авторы белгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокава болды. Қала төрт ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа», «Байқоңыр» және «Есіл» ауданынан тұрады.
Бүгінде Астана – жаңа мүмкіндіктер мен белсенді, талантты және жігерлі жастардың басын қосқан орталыққа айналған. Қазақстанның елордасы еліміздің басты ғылым мен білім беру алаңы болып табылады және білім, ғылым мен инновацияның өңірлік хабына айналуға ұмтылады
Астана қаласы 1997 жылы елорда атаңды және 24 жыл ішінде дамыған инфрақұрылымы, көлік желісі және қоғамдық өмірі бар ірі заманауи мегаполиске айналды.
Қала 1830 жылы Ресей империясы тұсында құрылды және Ақмола Приказы деп аталып, Сібір казактары үшін қорғаныс бекінісі болды. Бір ғасыр өткен соң, аймақтағы ауыл шаруашылығы қозғалысын дамытуға бағытталған кеңестік "тың жерлер науқанының" орталығы ретінде Целиноград деп аталды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін, алғашқы Ақмола атауына қайта оралды, ал 1998 жылы "Астана" атанды. 2019 жылғы наурызда бірауыздан парламенттік дауыс беру арқылы қала атауы Нұр-Сұлтанға өзгертілді.
Қала Есіл өзенінің бойында орналасқан, ол астананы әртүрлі сәулет стилінде жасалған оң және сол жағалауға бөледі. Тарихи оң жағалау сізді елдің өткенін көрсететін Кеңес Одағы заманына апарады, ал Есілдің сол жағалауы Қазақстандықтардың сәулеті мен өмір салтына деген заманауи және футуристік көзқарастың көрінісі болып табылады.
Қазақстан әлемдегі теңізге шыға алмайтын ең ірі ел болып табылады, бірақ Астана қаласы үшін бұл проблема емес: Хан Шатыр — белгілі сәулетші Норман Фостер жобалаған сауда орталығында өзінің жағажайы бар. Сонымен қатар, Ұлы даланың қақ ортасында шексіз мұхиттың бір бөлігі - "Айланд" ("Думан") океанариумы да Астанада орналасқан.
Егер сіз континенттік климатты сынағыңыз келсе, Астана сіз үшін өте қолайлы жер. Ауа-райы әр түрлі және жыл мезгіліне байланысты: жазда температура +30*C-қа дейін көтеріліп, ал қыста -40*C-қа дейін түсуі мүмкін, бұл оны Моңғолиядағы Ұлан-Батордан кейінгі әлемдегі екінші суық астанаға айналдырады.
2018 жылы "Астана" халықаралық қаржы орталығының ашылуы арқасында Астана Орталық Азияның маңызды қаржы орталығы болып табылады. Оның аясында Астананың халықаралық биржасы (AIX), АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA), АХҚО соты және халықаралық төрелік орталық жұмыс істейді.
Астана - мемлекеттің басты қаласы, әлемдегі ең үздік 30 қаланың тізіміне енді. Бүгінде халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер және басқа да іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығы болып табылады.
Мұнда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, Астана экономикалық форумы және басқа да халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі. Мұнда ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИКҰ-ның мерейтойлық саммиттері болып өтті. Сондай-ақ, республиканың астанасы VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. 2017 жылы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі, Дүниежүзілік кардиохирургтар қауымдастығының 27-ші конгресі және басқа да көптеген іс-шаралар өтті.
1999 жылы ЮНЕСКО бастамасымен Қазақстанның елордасына Бейбітшілік қаласы атағы берілді. Еуразия құрлығының орталығында өте жақсы орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, коммуникация және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік көпірге айналдырады.