Басты бет
Астанаға қалай жетуге болады?
Қалаға жету жолдары
Қазақстан Республикасының астанасында үлкен көлік торабы тоғысқан, оған бірнеше дәстүрлі жолмен қиындықсыз жетуге болады.
«Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы - Еуразия құрлығындағы ұшақтардың кез келген түрлерін қабылдауға және оларға қызмет көрсетуге қабілетті ең заманауи әуежайларының бірі. Әуежай 1931 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Сол кезде Ақмола қаласынан алғашқы рейс Семейге орындалды. Қала ретінде ол осы жылдар ішінде бірнеше рет атауын өзгертті, ал 2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің есімімен аталады.

Қаланың басқа елордалардан қашықтығына қарамастан, Астана қаласына планетаның кез келген нүктесінен ұшақпен оңай жетуге болады. Wizzair - Будапешт арқылы ұшатын лоукостер, Қазақстан мен Еуропа арасындағы көпір болды; сондай-ақ Air China, China Southern Airlines - астананы құрлықтың азиялық бөлігімен байланыстырады. Ұлттық тасымалдаушы - Эйр Астана Мәскеу, Лондон, Сеул, Франкфурт, Стамбул және т. б. сияқты ірі әуежайларды қоса алғанда, 60-тан астам ішкі және халықаралық маршруттары бар Қазақстандағы ең ірі оператор болып табылады.
1931 жылы кішкентай ұшақтарға қызмет көрсететін шағын әуежай ретінде құрылған қала әуежайы, бүгінгі таңда, шамамен 80 жылдан кейін, Еуразия континентіндегі ең заманауи әуежайлардың бірі болып табылады. Тәулік сайын әуежайда жақын және алыс шетелдерге 130 рейс жүзеге асырылады. Ол тұрақты жолаушылар рейстерін орындайтын 23 авиакомпанияның ұшақтары үшін айлақ қызметін атқарады. Әуежайдың өткізу қабілеті жылына 7 миллионға дейін жолаушыны құрайды. Әуежай ICAO халықаралық азаматтық авиация ұйымымен сертификатталған.
Астана қаласынан түрлі бағыттарға жасалатын тікелей рейстердің орташа ұзақтығы 5-6 сағат. Ұлыбритания астанасы Лондонға тікелей рейстер 6 сағатта, ал Корея Республикасының астанасына 7 сағатта жетеді.
Әуежайдан теміржол вокзалына дейін қала ішін қамтитын №10 және №12 автобустар қатынайды. Бұл қоғамдық көліктерді №1 терминал алдындағы тұрақтан табуға болады.
№10 автобустың қаладан бірінші рейсі 5-50-де басталады да, соңғы рейсі әуежайдан 22-4-та шығады. Қозғалыс интервалы шамамен 5-7 минутты құрайды. №12 автобус вокзалдан 7-50-де шығады, ал соңғы рейсі сәйкесінше әуежайдан 22-30-да шығады. Қозғалыс интервалы шамамен 15 минут. Жол жүру құны қолма-қол ақшамен 180 теңге және көлік картасымен төлеген кезде 90 теңге. Барлық қалалық бағыттарда билет бірінші есік арқылы кіре берісте жүргізушіден сатып алынады.
Ұлттық конгресс-бюроның қолдауымен халықаралық іс-шараларды өткізуге 8 өтінім берілді. 2020 жылы ҰКБ ұсынған іс-шараларға 11500 адамның ықтимал қатысуын ескере отырып, қосымша экономикалық тиімділік 1,6 миллиард рубльден асуы мүмкін.Ұлттық конгресс Бюроның қолдауымен халықаралық іс-шараларды Ресейде өткізуге 2 өтінім жеңіп алынды.

Әуежайдан Астанаға жету жолдары
Ұлттық әуежай Қазақстан Республикасы астанасы орталығынан шамамен 15 километр қашықтықта орналасқан. Одан қалаға автобуспен, таксимен немесе жалға көлік алу арқылы жетуге болады.
Әуежайдан теміржол вокзалына дейін қала ішін қамтитын №10 және №12 автобустар қатынайды. Бұл қоғамдық көліктерді №1 терминал алдындағы тұрақтан табуға болады.
№10 автобустың қаладан бірінші рейсі 5-50-де басталады да, соңғы рейсі әуежайдан 22-4-та шығады. Қозғалыс интервалы шамамен 5-7 минутты құрайды. №12 автобус вокзалдан 7-50-де шығады, ал соңғы рейсі сәйкесінше әуежайдан 22-30-да шығады. Қозғалыс интервалы шамамен 15 минут. Жол жүру құны қолма-қол ақшамен 180 теңге және көлік картасымен төлеген кезде 90 теңге. Барлық қалалық бағыттарда билет бірінші есік арқылы кіре берісте жүргізушіден сатып алынады.
Ұлттық конгресс-бюроның қолдауымен халықаралық іс-шараларды өткізуге 8 өтінім берілді. 2020 жылы ҰКБ ұсынған іс-шараларға 11500 адамның ықтимал қатысуын ескере отырып, қосымша экономикалық тиімділік 1,6 миллиард рубльден асуы мүмкін.Ұлттық конгресс Бюроның қолдауымен халықаралық іс-шараларды Ресейде өткізуге 2 өтінім жеңіп алынды.
Пойызбен жету жолдары
Егер сіз белгілі себептенмен ұшақпен ұшуды ұнатпасаның немесе ұша алмасаңыз, Қазақстан астанасына еш қиындықсыз пойызбен де жете аласыз.
Астанада екі теміржол вокзалы бар: Астана вокзалы (ескісі) транзиттік пойыздарға қызмет көрсетеді. Ал «Нұрлы жол»» вокзалы пойыздардың соңғы аялдамасы болып табылады.

Астана Белорусьпен теміржол қатынасымен байланысты. Минск қаласынан пойыздың жүруы уақыты шамамен 3 тәулік болады. Дәл осы пойызбен Смоленск, Тула және Пенза қалаларының тұрғындары Астанаға келе алады. Арнайы күндері Ташкент және Бішкек қалаларына да қатынайтын пойыздар бар.
Астана вокзалынан республиканың ірі қалалары саналатын Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Орал, Шымкентке және жақын орналасқан елді-мекендерге пойыздар қатынайды.
Егер қазақ елордасымен танысуды Алматы қаласына барумен жалғастырса, сапарды керемет саяхатқа айналдыруға болады. Астанадан Алматыға 13,5 сағатта «Тальго» жүрдек пойызымен жетуге болады. Ал «Бәйтерек» пойызы болса 5 сағатқа көбірек жүреді, қатардағы пойыздар бір тәулік шамасында жеткізеді.

Автобуспен жету жолдары
Қазақстан Республикасы аумағында автобустық қатынас едәуір жақсы дамыған, ел астанасы ірі қалалармен тұрақты мартшрут арқылы қатынасады. Ал көрші елдерге келер болсақ, автобуспен Ташкенттен және Ресей мемлекетінің бірнеше қалаларынан Астанаға келуге болады.
Астана қаласына Ресей мемлекетінің Екатеринбург, Новосибирск, Тюмень, Новокузнецк, Омбы және Томбы қалаларынан халықаралық рейстер жөнелтіледі. Мысалы, Омбы қаласына дейін автобус 14 сағат, Новосибирск қаласына 1 тәулік және Екатеринбургке 20,5 сағат жүреді.

Жеңіл автокөлікпен жету жолдары
Егер сіз Қазақстан астанасын көруді қаласаңыз, оны өзіңіздің жеңіл автокөлігіңізбен де жүзеге асыра аласыз. Астана қаласы арқылы Қазақстанның Елордасы мен Петропавлоскты байланыстыратын А-1 автокөлік жолы өтеді. Бұл жолдың ұзақ бөлігі – ақылы автомагитраль болып табылады. Ресейден Қазақстанға дейін Челябинскіден А-310 федералды автокөлік жолымен жетуге болады. Бұл жол шекарадан бері қарай М-36 нөмерімен сақталып Астана арқылы Алматыға қарай жалғаса береді.