Нұр-Сұлтан қаласында алдын ала жазылу бойынша вакцинация басталды

Басты бет Жаналықтар Нұр-Сұлтан қаласында алдын ала жазылу бойынша вакцинация басталды
Басты бет Жаналықтар Нұр-Сұлтан қаласында алдын ала жазылу бойынша вакцинация басталды
Нұр-Сұлтан қаласында алдын ала жазылу бойынша вакцинация басталды

Адамдардың бір мезгілде көп жиналуын болдырмау және қала тұрғындары үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасау үшін алдын ала жазылу бойынша вакцинация енгізілді.

Қалай жазылуға болады?

1. Өтінім қалдыру – тіркелу орны бойынша өз емханаңызға тіркелу (емханалар тізімі Денсаулық сақтау басқармасының сайтында жарияланған https://uoz.astana.kz/ru/vakcinaciya_dlya_gorozhan/).

2. Damumed мобильді қосымшасы арқылы. Қосымшада пациенттің жеке кабинеті арқылы учаскелік дәрігердің қабылдауына жазылу және ескертпеде КВИ-ға қарсы екпе алу туралы ниетін көрсету жеткілікті.

3. «Электрондық үкімет» порталында (egov.kz), «вакцинацияға жазылу» жеке қойындысында (апта соңында іске қосылады).

Вакцинация пункттерінің жұмыс уақыты сағат 8:00-ден 00:00-ге дейін.

Маңызды!

Вакцинаны алған адамдар санитарлық нормаларды сақтап, бетперде киюі керек.