«Astana FINANCE DAYS 2021» жыл сайынғы конференциясына тіркелудің ашылғанын хабарлаймыз!
Astana Finance Days (AFD) - бұл "Астана" халықаралық қаржы орталығы жыл сайын өткізетін өңірлік қаржы форумы. 2018-2020 жылдары AFD әлемнің 100 елінен 13000-нан астам қатысушыны жинады. 2020 жылы форумға 100-ден астам елден 5000-нан астам тіркелген қатысушы қатысты.
1-3 шілдеде АХҚО-ның негізгі стейкхолдерлері мен серіктестері нарықтарға дағдарыстан қалыпқа келуге мүмкіндік беретін инновациялық өнімдер мен қызметтерді ұсынады.
«Өсуді қалпына келтіру» жалпы тақырыбына арналған онлайн-конференция бағдарламасы келесі іс-шаралардан тұрады:
Fin&Tech Summit:
Visa сессиялары
Mastercard сессиялары
Fin & Tech
Business Connect Форумы
Жасыл өсу форумы
Макроэкономикалық форум
Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту форумы
Білім беру технологиялары форумы
АХҚО құқық конференциясы
Ислам капитал нарығы жөнінде ISFB-AIFC семинары
және т. б.
Онлайн-конференцияның спикерлері мен қатысушылары қатарында жергілікті және шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнестің, кәсіби және ғылыми қоғамдастықтың және т.б. өкілдері болады.
Өңірдегі ең ірі іскерлік онлайн-іс-шаралардың біріне тіркеліп, ол туралы достарыңызға айтыңыз.
Толық ақпарат сайтта (https://astanafindays.org/kz/register) қолжетімді.