Automechanika Astana халықаралық көрмесінде елордада туризмді, оның ішінде MICE индустриясын дамыту талқыланды

Басты бет Жаналықтар Automechanika Astana халықаралық көрмесінде елордада туризмді, оның ішінде MICE индустриясын дамыту талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласында Automechanika Astana және Futuroad Expo Astana халықаралық көрмелері өз жұмысын бастады. Көрме аясында туризм саласын, оның ішінде ішкі туризм мен MICE индустриясын дамытуды талқылау бойынша конференция өтті. Конференцияға сондай-ақ Kazakh Tourism, Astana Invest басшылары және қазақстандық автобизнес пен туроператорлардың өкілдері қатысты.

«Көліктік қолжетімділік туризмді дамытудың негізгі факторы болып табылады. Нұр-Сұлтан қаласының жоғары туристік әлеуеті бар және біздің негізгі міндетіміз – халықаралық деңгейдегі туристік сервисті қамтамасыз ету, жүріп-тұру кезінде жайлылық пен қауіпсіздік. Сондықтан біз Automechanika Astana және Futuroad Expo Astana көрмелері сияқты салалық іс-шараларға үлкен қызығушылықпен қатысамыз», - деді өз сөзінде Astana Invest Басқарма Төрағасы Ержан Балтаев.