Алғашқы жазғы жаяу жүргіншілер көшелерін Нұр- Сұлтан қаласының тарихи орталығында құру жоспарлануда

Басты бет Жаналықтар Алғашқы жазғы жаяу жүргіншілер көшелерін Нұр- Сұлтан қаласының тарихи орталығында құру жоспарлануда

8 қаңтар 2021 астанамыздың тарихи орталығында болатын жаяу жүргіншілер бульварлары жобасы ұсынылды. Бір желекжол Ә.Мәмбетов көшесінде: Омаровтан бастап Есіл өзенінің жағалауына дейін - онда заманауи субұрқақтар, қалқалар, ойын алаңдары мен демалыс аймақтары орналасатын болады.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика орталығының жоспары бойынша екінші жаяу жүргінші бульвары Бейбітшілік көшесінің басынан бастап, Орталық жағалауға дейін орналасатын болады және де әлемнің түрлі тағамдарынан дәм татуға мүмкіндік беретін астананың гастрономиялық орталығына айналады деп болжауда.

Жазғы демалыс күндері бұл көшелерде жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болу үшін, сонымен қатар түрлі мерекелер, фестивальдар, концерттер мен жәрмеңкелер ұйымдастыру үшін көлік қозғалысы жабылады.