Henley & Partners компаниясы 2021 жылдың 3 тоқсанына әлем паспорттарының индексін жаңартты. Бұл - қазіргі заманғы жаһандық және өңірлік ұтқырлықтың негізгі және жаңа үрдістері туралы жетекші ғалымдар мен кәсіби сарапшылардың түсініктемелері жинақталған бірегей есеп.
Зерттеу нәтижелері бойынша Жапония алдыңғы қатарда (визасыз кіру үшін 193 ел), Сингапур 192 елдің көрсеткішімен екінші орында, ал Оңтүстік Корея Германиямен (визасыз кіру үшін 191 ел) үшінші орында тұрғаны белгілі болды.
Вакцинация деңгейі жоғары елдерде де паспорттардың нақты мүмкіндіктерінің әлсіреуі байқалуда. Теория бойынша Жапония әлемнің 193 бағытына визасыз қол жеткізе алады. Бірақ кіруге қазіргі шектеулерге байланысты жапон паспорттарының иелері тек 80 бағытқа қол жеткізе алады, бұл тСауд Арабиясының паспортының мүмкіндіктеріне тең, Мәселен, Сингапур паспорттарының иелері 75 бағытқа визасыз кіре алады, бұл Қазақстан Республикасының паспортына бірдей.
Қазақстан туралы айтатын болсақ, еліміздің паспорты бірнеше сатыға төмен түсіп, қазір әлемнің 75 еліне визасыз кіре отырып, 74-ші орынға ие екенін атап өткен жөн. Алайда, жаһандық пандемияға байланысты саяхаттың соңғы шектеулеріне байланысты бұл сан да қазіргі жағдайға сәйкес келмейді.
Толық ақпарат келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.henleyglobal.com/passport-index/ranking