Almaty Travel Park (KITF) ашылуы

Басты бет Жаналықтар Almaty Travel Park (KITF) ашылуы
Басты бет Жаналықтар Almaty Travel Park (KITF) ашылуы
Almaty Travel Park (KITF) ашылуы

Осы аптада Almaty Travel Park (KITF) көрмесі өз жұмысын бастады!

Ресми ашылуы 26 шілдеде ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Д. А. Рыспековтың және «Kazakh Tourism» АҚ ҰК төрағасы Е. М. Еркінбаевтың қатысуымен «Атакент» көрме орталығының аумағында өтті.

26-28 шілдеде аралығында ішкі туризм бойынша іскерлік бағдарлама өткізілді, онда Нұр-Сұлтан қаласы «Нұр-сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы»  ММ және «AstanaInvest» ҚИДО»  ЖШС делегациясының құрамы қатысты. Әріптестер елорданың туристік әлеуетін, атап айтқанда, кездесу индустриясының (MICE), негізгі міндеттерді іске асыру жолдары мен алдағы жоспарларын ұсынды. Бағдарлама барысында мүдделі компаниялармен келіссөздер жүргізілді және байланыстар орнатылды.

Almaty Travel Park (KITF) – ашық ауада өткізілетін екі апталық көрме екенін естеріңізге саламыз. Ол «Атакент» көрме орталығының серуендеу аймағында өтеді. Бұл барлық санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге және экспозицияға қатысушыларды қауіпсіздендіруге мүмкіндік береді. Ішкі туризмді ілгерілету үшін Қазақстанның әрбір өңірі жергілікті сұлулық пен туристерді тарту нүктелері болып табылатын арт-нысандар мен инсталляцияларды орнатты.

Экспозиция 8 тамызға дейін жұмыс істейді, сондықтанда жаңа Қазақстанды ашу және ел ішінде келесі демалысты жоспарлау мүмкіндігін жоғалтпаңыз.