Қазақстан Еуропалық азаматтық авиация конференциясының бақылаушысы мәртебесін алды

Басты бет Жаналықтар Қазақстан Еуропалық азаматтық авиация конференциясының бақылаушысы мәртебесін алды
Басты бет Жаналықтар Қазақстан Еуропалық азаматтық авиация конференциясының бақылаушысы мәртебесін алды
Қазақстан Еуропалық азаматтық авиация конференциясының бақылаушысы мәртебесін алды

27 қаңтарда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Еуропалық азаматтық авиация конференциясымен (ЕСАС) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Азаматтық авиация комитеті 5 жылдан астам ECAC-қа бақылаушы ретінде қосылу үшін жұмыс жүргізді.

Қазақстан ECAC-қа бақылаушы бола отырып, қазақстандық тасымалдаушылардың ұшу қауіпсіздігі, ұшу географиясын кеңейту, қоршаған орта проблемалары, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік мәселелері сияқты жалпыеуропалық деңгейде біздің еліміз үшін бірінші кезектегі маңызы бар мәселелерді талқылау мүмкіндігіне ие болды.

Қазақстанның авиациялық билік орындары алдағы уақытта ECAC толық құқықты мүшесі болуды жоспарлап отыр, Қазақстанда азаматтық авиацияның еуропалық стандарттарын енгізу бойынша одан әрі қамтамасыз етеді.