6-7 маусым аралығында Астана қаласында "Kazakh Tourism" ҰК АҚ және "Астана даму орталығы" ЖШС қолдауымен Шығыс және Орталық Еуропа бойынша "Marriott International" ұйымдастырған "Marriott International Exchange"іс-шарасы өтті.
Marriott International Exchange-бұл Marriott International компаниясы қонақүйлер, франчайзилер, саланың жоғары басшылары мен серіктестері арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастыратын жыл сайынғы іс-шара.
Іс-шараға Қазақстан мен Еуразия елдері MICE агенттіктері және халықаралық корпоративтік MICE шараларының ірі ұйымдастырушылары қатысты.
Сонымен қатар, Іс-шараға БАӘ, Оман, Катар, Армения, Грузия, Мальдив аралдары, Тайланд және Сауд Арабиясы сияқты елдерден "Marriott International" желісінің 40-тан астам қонақүйлерінің өкілдері қатысты.Жалпы іс-шараға 200-ге жуық делегат қатысты.
7 маусымда Халықаралық корпоративтік MICE іс-шаралары ұйымдас тырушыларымен MICE агенттіктерінің өкілдері үшін Астана қаласы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.Экскурсия барысында қонақтар негізгі туристік нысандармен және астананың MICE туризмінің әлеуетімен танысты.